Banner

Мемлекеттік қызметшілер арасында эссе жазудан өткізілген байқау

25774782

ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы және ШҚ лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 15 наурыз күні «Қазақстанның болашағы жастардың қолында» атты эссе жазудан облыстық байқау өткізілді. Байқауға облыстағы тіл оқыту орталықтарына қазақ тілін оқуға тартылған орта (В1), (В2) ортадан жоғары деңгейдің 14 тыңдаушысы қатысты. Бұл қатысушылардың барлығы да жергілікті жерде өткізілген байқаудың І кезеңінен (іріктеу кезеңі) оза шыққан қатысушылар. Байқаудың мақсаты: ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік тілді дамыту, қолдану аясын кеңейту және мәртебесін арттыру. Сондай-ақ, тыңдаушылар арасынан өз ойын жаңа қарпінде еркін әрі көркем тілмен жеткізе алатын, шығармашылық бағытта жан-жақты дамыған, қазақша сауатты жаза алатын тұлғаларды анықтау. Жастар жылы мерекесіне орай тақырыптарда жазылған қатысушылардың жұмыстарын арнайы құрылған сарапшылық кеңес анықтады. Эссені бағалау барысында мәтіннің берілген тақырыпқа сай болуы, мәтінде аталған қандай да бір деректердің дұрыстығы, сөз көркемдігі мен сөз қорының молдығы ескерілді. Байқау қорытындысы бойынша: Бас жүлдені Мамышева Салтанат Нұрбекқызы - Алтай ауданы, І орынды Ешекенова Раушан Черияздановна – Курчатов қаласы, ІІ орынды Қажымқан Нұрсұлтан Қажымұратұлы – Бесқарағай ауданы, ІІІ орынды Берғалиев Нұрбек Серікханұлы – Риддер қаласы иеленді. Жеңімпаздар мен қатысушыларды ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Тілдерді дамыту және үйлестіру бөлімінің басшысы Қалиғазина Сәуле Сағидоллақызы басқарманың Алғыс хаты және бағалы сыйлықтарымен марапаттады....

Читать далее

«Отанымыз ортақ, тіліміз түрлі, тілегіміз бір»

25500740

Бүгінде мемлекеттік тілді үйрену еліміздің әрбір тұрғыны үшінмаңызды қажеттілікке айналғаны сөзсіз. Міне, осы мақсатта Тілдерді дамыту басқармасы ШҚ Лингвистикалық орталығы тыңдаушыларының арасында байқау дәстүрлі түрде өтіп келеді. Биылғы жылы да 21 ақпан күні сағат 15.00-де ШҚО Тілдерді дамыту басқармасы ШҚ Лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен Жастар жылы аясында мемлекеттік тілді үйренуші өзге ұлт өкілдері арасында өткен шараға оқуға тартылған басқармалар мен департаменттердің мамандары қатысты. Байқау 4 кезеңнен тұрды. Қатысушылар әр түрлі танымдық тапсырмаларды орындады. Қатысушылардың білімін бағалайтын әділ қазылар алқасының арасында университет оқытушыларымен бірге «Ұлан» шығыс өңірлік қолбасшылығының аға офицері Толыбаева Нұргүл Бекеш қызы тіл үйренушілердің біліміне көңілі толғанын айтып өтті. Байқаудың нәтижесі бойынша бірінші орынды Окатенко Надежда иеленсе, екінші орынға Деш Ангелина, жүлделі үшінші орынға Гребенюк Татьяна ие болды. Әділ қазылар алқасының төрағасы Қалиғазина Сәуле Сағидоллақызы байқаудың жүлдегерлерін марапаттап, бұдан да үздік жетістерге жетуге тілектестік білдірді және Тілдерді дамыту басқармасы тарапынан мемлекеттік тілді үйренем деушілерге жазғы лагерь мен «Қазақ тілі-шаңырақта» атты үйірмесі жұмыс жасайтынын айтып өтті. ...

Читать далее

Алғашқы біліктілікті арттыру вебинары өтті

25370069

Алғашқы біліктілікті арттыру вебинары өтті 2019 жылдың 12 ақпанында ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ШҚ лингвистикалық орталығы «Жаһандану жағдайындағы тіл үйретудің инновациялық әдіс-тәсілдері» атты кезекті облыстық вебинар өткізді. Вебинардың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілді оқытудың инновациялық әдістері мен түрлерін меңгеруге қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін пайдалана отырып облыс, аудан, қала оқыту орталықтары оқытушыларының біліктілігін арттыру, тіл үйретуде тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланудың тиімді жолдарымен бөлісу. Вебинарда Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, доцент Мұқанова Қаршыға Қайроллақызы «Қазақ тілін оқыту: дәстүр мен инновация» тақырыбында баяндама жасап, жалпы теориямен таныстырып, Семей қаласының мемлекеттік Медицина университеті, филологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жороқпаева Мейрамгүл Досанқызы «Тілді үйретудің белсенді әдіс-тәсілдері» тақырыбында және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Жиенбаева Дана Болатбекқызы «Қазақ тілін оқытуда айтылым дағдысын дамытудың тиімді жолдары» тақырыптарында тренинг өткізіп, оқытушыларға тіл үйретуде инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибе жүзінде көрсетті. Вебинарға қатысқан оқытушылар өзге ұлт өкілдеріне тілді үйретуде қолданып жүрген әдістермен бөлісіп, пікір алмасты....

Читать далее

Орталықта аралық сынақ өтіп жатыр

24991277

Орталықта аралық сынақ өтіп жатыр Бүгін, 17 қаңтар күні Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ересектерді оқытудың мемлекеттік бағдарламасына сай ұйымдастырылған курстарға тартылған мемлекеттік қызметшілердің тілді меңгеру деңгейін бағалау мақсатында аралық сынақ басталып кетті. Аралық сынаққа облыстық басқармалар, республикалық департаменттердің мемлекеттік қызметшілері қатысуда. Сынақ тапсырмалары Қазтест жүйесі негізінде құрастырылды. Сынақ кезінде тіл үйренушілердің лексика-грамматикалық тест, тыңдалым, оқылым бөліктері бойынша тест тапсырса, сөйлесім бөлігі бойынша олардың сұхбатқа түсу дағдылары тексерілді. Тіл үйренушілер екі аптадан кейін курсты жалғастырады. ...

Читать далее

Балабақша қызметкерлеріне куәлік табысталды

24906965

2019 жылдың 10 қаңтар күні Өскемен қаласы әкімдігі №62 балабақшасының қызметкерлері қарапайым деңгейге арналған 72 сағаттық «Тілашар» курсын сәтті аяқтады....

Читать далее

Яндекс.Метрика